8-800-070-14-05

Дауыссыз байланыс орталығы

Қайырымдылық

СДЭК компаниясы қоғамдық өмірге белсене қатысып, «Күн қаласы»бала қайырымдылық қорының бағдарламаларды қолдайды.

Қоры туралы толық мәліметті алу үшін Сіз оның сайтына сілтемеден өте аласыз.
Балаларға қалай көмек ете аласыз
Қорының ағымдағы акциялары

 

Біз қатысқан акциялар:

«Құрғақ құйрық» акциясы

«СДЭК» компаниясы «Күн қаласы» қайырымдылық қорымен ынтымақтастықтың шеңберінде «Құрғақ құйрық» атты жыл сайынғы бүкілхалықтық акциясына қатысып, Компанияның қызметкерлері 3780 дана жөргектер мен гигиена заттарды жинады. «Күн қаласы» қайырымдылық қоры жүзеге асыратын «Аурухана балалары» бағдарламаның шеңберінде акцияның барлық қатысушылары 55 523 дана бала өнімдерді жинады. Акция ауруханаларға түскен жетім сәбилерге арналған. Олар - аналары перзентханада бас тартқан немесе бейберекетті отбасылардан алынған жаңа туған балалар. Осы жылы «Құрғақ құйрық» атты акциясы 2013 жылдың қарашаның 1-ші жұлдызынан бастап 2014 жылдың қантардың 31-ші жұлдызына дейін жалғасқан.

.


«Аяз Атаға хат» акциясы

«СДЭК» компаниясы «Күн қаласы» қайырымдылық қорымен ынтымақтастықтың шеңберінде «Аяз Атаға хат» жаңа жылдық акциясына қатысты. Желтоқсан бойы компанияның қызметкерлері Маслянинский аймақтағы балалар үйінің тәрбиеленушілерден хаттарды алып, оларға лайықты сыйлықтарды іздеген. Сыйлықтарды сатып алып, орап, мерекелі иелі ашық хаттарды жазған. Барлық армандар тура шыршаның астына жеткізілді. Бар болғаны 27 тілек орындалды. Балалардың бақытты көздері мен ғажапқа сенуден артық еш нәрсе жоқ қой!

«Бірінші сынып оқушысы»акциясы

Бала бірінші сыныпқа барғанда оның өмірде жаңа маңызды кезеңі басталады. Барлық отбасылар сол кезге қалшылдап дайындалады да өз бөбектерді мектепке жинайды. «Күн қаласы» бала қайырымдылық қоры «СДЭК» компаниямен бірлесіп, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды бірінші сыныпқа жинауға арналған акцияны өткізді. Осы акция дәстүрлі акцияға айналған. «Бірінші сынып оқушысы» - кеңсе керек-жарақтарды жинауға арналған ерекше акциясы. Балалар мен акцияға қатысатын еріктілер – ересектер бірлесіп дүкенге барады. Дәл дүкенде ғой балаларда ұнатқан нәрселерді өздігінен таңдаудың мүмкіндігі пайда болады. Келешек бірінші сынып оқушысы оның бірінші потфелі, бірінші күнделігі, дәптерлер, қаламдар қандай болатынды өзі шешеді. Ересек тек қана кеңес беріп, кеңсе керек-жарақтардың әралуандыққа үйренуге көмек етеді. «Бірінші сынып оқушысы» жобасына қатысуы – ол баламен жеке қатынасуы, мұнда маңызды аспект – ол жеке байланыс.

Ол жобаның ерекше өзгешелігі болып табылады.

Мектеп – ол әр адам өмірінің үлкен кезеңі. Ол жаңа білімдер ғана емес – жаңа тәжірибе, достар, бірінші табыстар мен түңілулер. Ашық түсті, өзгеше, сүйікті кейіпкерлері бар кеңсе керек-жарақтары білімдер орнын ала алмайды, бірақта жақсы қатынасты туғыза алатыны – рас!

 

«СДЭК» компаниясы «Виктория» жетімдер баспанасында тұратын балаларға оқудағы ықыластылық пен үздік бағаларды тілейді!

«Құрғақ құйрық»акциясы

«СДЭК» компаниясы «Күн қаласы» қайырымдылық қорының балалар, мүгедектер үйлерінде, ауруханаларда тұратын балалар үшін бір рет пайдаланатын жөргектер мен жеке гигиена заттарды жинауға арналған акциясына қатысты. Балаларға тікелей көмегінен басқа, акция жұртшылық пен мемлекеттік органдардың атқамінерлердің назарын бала мекемелерде (жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар тұратын балалар үйлері мен ауруханаларда) қажетті гигиента заттардың жоқтығына аударуға арналған. «СДЭК» компанияның қызметкерлері 3000-нан артық жөргектер мен басқа гигиена заттарды жинады, ал акцияның жалпы нәтижесі – 20 000-ға жуық дана жөргектер мен гигиена заттар.

 

«Миллион – ұсақ ақшамен»акциясы

«СДЭК» компаниясы «Күн қаласы» бала қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Миллион – ұсақ ақшамен» қайырымдылық акциясына қосылды. Акцияның мақсаты: сұралмаған ұсақ ақшаны жинап, оны ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар тұратын Куйбышевтағы балалар аурухананы  жөндеу үшін жіберу.

Сонымен қатар, біз акцияларға өздігінен белсене қатысатын қызметкерлерімізді мақтан етеміз:

Уфа қаласында біздің қызметкеріміз Булатов Андрей «Біздің балаларымыз» қорына жиналған нәрселер мен материалдарды ауруханалар мен балалар бөлімдеріне жеткізуге көмек етеді. «Біздің балаларымыз» қоры, Уфа қаласы http://www.nashideti.org/ аналары бас тартқан балалармен, балалар үйлерімен жұмыс істейді де ауқатсыз отбасылар мен ауру балаларға көмек етеді. Толық мәліметтер http://nashideti.org/ сайтында, ВКонтакте әлеуметтік желідегі тобы http://vk.com/nashi_deti_ufa

Сайт использует файлы cookie, которые позволяют узнавать вас и получать информацию о вашем пользовательском опыте.
Разрешение на использование cookie необходимо для использования Сайта и его сервисов, включая заказ услуг. Посещая страницы сайта, мы уверены, что вы даете согласие на использование и хранение файлов cookie на вашем устройстве. Если согласны, продолжайте пользоваться сайтом. Если нет – установите специальные настройки в браузере или обратитесь в техподдержку.