Попробуйте новый сайт СДЭК!
8-800-070-14-05

Дауыссыз байланыс орталығы

СДЭК Компаниясы FranchExpo Central Asia көрмесіне қатысқан

10 декабря 2014

Қарашаның 5-сі мен 7-сінің аралығында Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы)франчайзинг жөніндегі VIIОрта-Азиялық Халықаралық көрмесі өтті.

Қарашаның 5-сі мен 7-сінің аралығында Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы)франчайзинг жөніндегі VIIОрта-Азиялық Халықаралық көрмесі өтті.

Осы шарасына СДЭК сарапшы ретінде қатысқан. Үш күн бойы компанияның стендінде келіссөздер белсенді жүргізілді, экспресс-тасымалдаушының өкілдері қауымдастықтың Қазақстанның барлық территориясында экспресс-тасымалдау қызметтерінің дамуына жоғары мүдделілікті белгіледі.

СДЭК Компаниясының франчайзингтің дамуы жөніндегі мүдірі Андрей Горбуль жергілікті телеарналарға берілген сұхбатында Республикасының іскерлік қауымдастығының бизнес-белсенділігіне жоғары баға берді: «Біз логистикамен, жүктерді экспресс-тасымалдау саласындағы шешімдермен, құрама жүктерді кеден одағы елдерінің территориясында тасымалдаумен айналысамыз. Компаниямыздың негізгі даму бағыты – франчайзинг есебінен желімізді кеңейту.  Өткен жылы біз Franch Expoкөрмесіне қатыстық. Ол Республикадағы франчайзинг желіміздің басын бастады. Осы жылы біз өткен жылғы нәтижесін баянды ету үшін келдік. Маған осы көрмелердегі ахуалы ұнайды, мүдделі және қызықты кісілер өте көп».

 

СДЭК Компаниясы туралы:

СДЭК Компаниясы - 2000 жылы құрылып, ресейлік экспресс-жеткізу нарығының ең белсенді және тартымды қатысушылардың бірі болып табылып, логистиканың қазіргі халықаралық талаптарына сәйкесті құжаттар мен жүктерді Ресейдің және әлемнің кез келген жеріне жеткізу бойынша қызметтердің толық кешенін көрсетеді.

Дамытылған бөлімшелер желісі – Ресей мен басқа елдердің территориясында орналасқан СДЭК-тың 210 астам бөлімшелер мен өкілдіктердің бар болуы. Меншікті саll-орталығы, бірегей сервистер, мысалы: интерактивтік дауыс мәзірі, дауыссыз байланыс-орталығы, онлайн-кеңесші, ыңғайлы және функционалды жеке кабинеті және басқалар – осының бәрі жіберулер мен жүктердің өтуін барлық кезеңдерінде нақты уақыт тәртібінде бақылауға мүмкіндік береді. Магистральдық бағыттардың бірегей тәсімі жеткізу бағасын және мерзімін бірталай кемітуге, үлкен қашықтықтардағы логистикалық тәсімдерді бірталай жақсартып, ең сенімді және сыналған бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді. Дистанциялық саудамен айналысқан компаниялар үшін арнайы шарттар мен ұсыныстары, кез келген интернет-дүкендерді бақылау жүйесіне қосылуды тез және мінсіз орындайтын жеңіл ықпалдастығы СДЭК Компаниясына электрондық сауда нарықтағы озық жайғасымдардың бірінде тұруға мүмкіндік береді.

 

СДЭК Компаниясының пресс-қызметі

Жаңалықтар тізіміне

Узнать подробнее
Сайт использует файлы cookie, которые позволяют узнавать вас и получать информацию о вашем пользовательском опыте.
Разрешение на использование cookie необходимо для использования Сайта и его сервисов, включая заказ услуг. Посещая страницы сайта, мы уверены, что вы даете согласие на использование и хранение файлов cookie на вашем устройстве. Если согласны, продолжайте пользоваться сайтом. Если нет – установите специальные настройки в браузере или обратитесь в техподдержку.