8-800-070-14-05

Дауыссыз байланыс орталығы

1. Ережелерде жұмсалатын терминдер мен анықтамалар:

Ережелер– «Ұсыным» жобасына (Жоба)Қатысушы ретінде қосылу жөніндегі келісім-шартты жасау мақсатымен жеке тұлғаларға бағытталған ЖШҚ«БК«СДЭК» (Ұйымдастырушы)компаниясының жария офертасы. Осы жария ұсыныста жасалатын келісім-шартының барлық шарттары бар. Келісім-шарт жеке тұлғаның осы Ережелердің шарттарына жария ұсынысқа ризалық түрінде Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексінің (РФ АК) 428 б., 437 б. 2 т.  және 438 б. 3 т. сәйкес қосылу (Ұйымдастырушының сайтында тіркелу) арқылы жасалады. Келісім-шартты жасау жөніндегі ұсыныс не өз келісімді Қатысушы жағынан қайтарып алу күніне дейін, не Ұйымдастырушы белгілеген Жобаның қолданылу күніне дейін күшінде қалады.

Осы Ережелердің шарттарына ризалық  - ол Қатысушының Интернет желісіндегі http://recommendation.cdek.ru Ұйымдастырушы сайтында тіркелу рәсімін өтуі. Осы тармағының шарттары орындалған кезеңінен бастап , бір жағынан, Ұйымдастырушы және, екінші жағынан, Қатысушы арасындағы Келісім-шарт осы Ережелерге сәйкес жасалған болып саналады.

«Ұсыным» жобасы (Жоба) шеңберінде Қатысушының оған осы Ережелерге сәйкес материалдық құндылықтар түріндегі марапатты жинаған ұпайлардың есебіне алуға құқықты беретін Бонустық ұпайларды жинау мүмкіндігі бар қарым-қатынастарды білдіреді. Осы Жоба ЖШҚ «БК «СДЭК» компаниясы ие болатын «СДЭК» сауда таңбасын тұтынушылардың арасында дәріптеуге бағытталған 2006 жылғы 13 наурыздағы № 38-ФЗ «Жарнама туралы» Ресей Федерациясының Федералдық  заңына сәйкес жарнамалық іс-шара болып табылады. Жоба ынталандырушы лотерея болып табылмайды.

Қатысушы – Ресей Федерацияның территориясында тұратын, 18 жасқа жеткен және әрекет қабілеттігі шектелмеген, Ұйымдастырушыны логистикалық операторы түрінде ұсынған, Ұйымдастырушының қызметкері , Ұйымдастырушының қызметкерінің отбасы мүшесі немесе Ұйымдастырушының қосылма тұлғасы, сонымен қатар Жобаны ұйымдастыруда қатысатын басқа тұлғасы болып табылмайтын, осы Ережелерге сәйкес Жобаның қатысушы ретінде тіркелу талаптарын орындаған жеке тұлғасы.

Ұйымдастырушы – осы Ережелерге сәйкес Бонустық ұпайларды Есептеп жазуды, Бонустық ұпайларды Шығынға жазуды орындайтын, материалдық құндылықтар түріндегі марапаттарды Бонустық ұпайлардың есебіне беретін ЖШҚ «БК «СДЭК».

Тапсырыскер – Ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланған заңды немесе жеке тұлға, жеке кәсіпкер (үшінші тұлғалар).

Келесі байланыс мәліметтерді беретін үшінші тұлға Тапсырыскер болып табылады:

- толық аты-жөні, байланыс телефон нөмірі, электрондық пошта, тұратын қала (жеке тұлғалар үшін);

- аты, байланыс тұлғаның толық аты-жөні, байланыс телефон нөмірі, электрондық пошта, орналасқан қала (жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін).

Бонустық ұпай – осы Ережелердің шарттарына сәйкес Ұйымдастырушы Қатысушыға есептеп жазатын, Ұйымдастырушы белгілеген материалдық құндылықтар және (немесе) Ұйымдастырушының  қызметтер түріндегі марапаттарды алуға құқықты беретін шартты бірлік. Бонустық ұпай төлем құралы, қаңдай болса да валютаның түрі немесе құнды қағаз емес және бола алмайды.

Бонустық шот – Қатысушыға тіркелу кезінде Ұйымдастырушымен ашылатын, әр Қатысушы жайында жүргізілетін, Бонустық ұпайларды Есептеп жазу мен Шығынға жазу операцияларды көрсететін есеп шот.

Бонустық ұпайларды Есептеп жазу – осы Ережелерге сәйкес Бонустық шотында Бонустық ұпайлардың санының кобею нәтижесіне жеткізетін, Ұйымдастырушымен орындалатын техникалық операциясы.

Бонустық ұпайларды Шығынға жазу – осы Ережелерге сәйкес Қатысушының Бонустық шотында Бонустық ұпайлардың санының азаю нәтижесіне жеткізетін, Ұйымдастырушымен орындалатын техникалық операциясы.

Личный кабинет – Ұйымдастырушының сайтында тіркелген соң белгілі Қатысушыға ашық болатын жеке web-беті (http://recommendation.cdek.ru).

 

2. Жобаға қосылу тәртібі мен жалпы шарттары

2.1. Осы Ережелердің негізінде Қатысушы «Ұсыным» Жобасына қосылғанда материалдық құндылықтар және (немесе) Ұйымдастырушының қызметтер түріндегі марапатты жинаған Бонустық ұпайлардың есебіне алуға құқықты беретін Бонустық ұпайларды жинау мүмкіндігін алады. Сонымен бірге Ұйымдастырушы Бонустық ұпайларды осы Ережелерге сәйкес Есептеп жазуға және Шығынға жазуға міндеттенеді.

2.1. Жоба Қатысушысы болу үшін керекті:

а) http://recommendation.cdek.ruсайтында осы Ережелермен ықыласпен танысу.

б) http://recommendation.cdek.ru сайтында тіркелу және Ұйымдастырушыны логистикалық операторы түрінде үшінші тұлғаларға ұсыну.

2.2. Қатысушы тіркелу кезінде Ұйымдастырушыға хабарлаған мәліметтердің анықтығы үшін толық жауапкершілігін көтереді. Егер Қатысушы күмәнді мәліметтерді хабарласа, ол осы мәліметтерді хабарлаудың жағымсыз салдарлардың басталу тәуекелді өздігінен және толық көлемінде көтереді.

2.3. Егер оның деректемелері (төлқұжат мәліметтері, телефон нөмірі, аты-жөні және т.б.) өзгерілсе, Қатысушы сол туралы Ұйымдастырушыға еркін нысанда тиісті хабарламаны Ұйымдастырушының reklama-manager@cdek.ru электрондық поштаға тиісті деректемелер өзгертілген кезінен бастап 5 күнтізбелік күннің ішінде жіберу арқылы хабарлауға және тиісті өзгерістерді Жеке кабинеттегі деректемелерге өздігінен енгізуге міндеттенеді. Егер Қатысушы Ұйымдастырушыға өзгертілген деректемелер жөніндегі мәліметтерді ұсынбаса / дер кезінде ұсынбаса, Қатысушы осы Ережелердің 2.2 т. ескерілген тәртібінде жауапкершілікті көтереді.

2.4. Жобада қатысуы - Қатысушының осы Ережелермен танысу мен толық келісуді білдіреді.

2.5. Жобада қатысу дерегі - олардың аттары, тектері, фотосүреттері, сұхбаттары және басқа материалдар Ұйымдастырушымен пайдаланыла алатынды, соның ішінде Жобамен байланысқан мәлімет ретінде www.cdek.ru сайтында және БАҚ-та жариялана алатынды, Қатысушылардың мойындауды білдіреді.

2.6. Келісім-шартты тек 18 жасқа жеткен және әрекет қабілеттігі шектелмеген, Ұйымдастырушының қызметкері , Ұйымдастырушының қызметкерінің отбасы мүшесі немесе Ұйымдастырушының қосылма тұлғасы, сонымен қатар Жобаны ұйымдастыруда қатысатын басқа тұлғасы болып табылмайтын жеке тұлғасымен ғана жасау мүмкін.

2.7. Тіркелу – Қатысушының Бонустық ұпайларды Есептеп жазу мен Шығынға жазу мақсаттар үшін, материалдық құндылықтар және (немесе) Ұйымдастырушының қызметтер түріндегі марапатты алу үшін оның жеке мәліметтерді өңдеуге келісімі болып табылады.

2.8. Ұйымдастырушының келісім-шарттық негізінде үшінші тұлғаларды Қатысушының жеке мәліметтерді өңдеу мақсаттар үшін, осы тұлғалар Ресей Федерациясының құпиялылық пен жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын сақтау шартпен қатыстыру құқығы бар.

2.9. Ресей Федерациясының «Жеке мәліметтер туралы» Федералдық заңының 14 бабында ескерілген көлемі мен тәртібі бойынша Қатысушының өз жеке мәліметтерге қол жеткізу және оның жеке мәліметтерді өңдеу жөніндегі ақпаратты алу құқығы бар.

2.10. Осы Ережелердің 2.9 т. ескерілген келісім Қатысушыға Келісім-шарттың қолданылу мерзіміне беріліп, Жобада қатысуы тоқталу кезінде Бонустық шотты жоюға өтініші және  Қатысушының толық аты-жөні мен төлқұжат мәліметтері бар тиісті хабарламаны Ұйымдастырушының reklama-manager@cdek.ru электрондық поштаға жіберу арқылы кері шақырыла алады.

Осындай хабарлама Ұйымдастырушының электрондық поштаға келген және оны Ұйымдастырушы тіркеген кезінен бастап, тиісті тұлға Жоба Қатысушының мәртебесін жоғалтады да оның жеке мәліметтер өңдеуі тоқталады, осындай өңдеу заңнама мен өкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын сақтау мақсаттар үшін керек болатын жағдайларды қоспағанда.

2.11. Осы Ережелерде ескерілмеген жағдайларда Ұйымдастырушы мен Жоба Қатысушылары Ресей Федерациясының әрекеттегі заңнаманы басшылыққа алады.

 

3. Бонустық ұпайларды Есептеп жазу мен Шығынға жазу тәртібі

3.1. Бонустық ұпайларды Есептеп жазу

3.1.1. Бонустық ұпайларды Қатысушының Бонустық шотына Есептеп жазуы әр есепті айынан кейінгі күнтізбелік айдың 1-ші жұлдызында орындалады.

3.1.2. Жоба Қатысушы тек оларға Ұйымдастырушыны тікелей ұсынған жаңа Белсенді Тапсырыскерлер үшін сыйақыны алады.

3.1.3. Ұйымдастырушымен 01.01.2008 жылынан бастап жұмыс істемеген, Жоба Қатысушының ұсынымы бойынша келген Тапсырыскер жаңа Тапсырыскер болып табылады.

3.1.4. Ұйымдастырушының қызметтерін Қатысушы оны Жоба дерекқорына енгізген кезінен бастап бір күнтізбелік жылының ішінде бірден кем емес рет пайдаланған жаңа Тапсырыскер Белсенді болып табылады.

3.1.5. Бонустық ұпайлар Қатысушыға ай сайын белгіленген ішкі бағамы мен әрекеттегі есептеп жазу тәсіміне сәйкес есептеп жазылады. Бонустық ұпайлардың саны мен олардың есептеп жазу тәртібі Ұйымдастырушымен анықталады.

3.1.6. Жобасында тіркелінген және Қатысушы оны Жоба дерекқорына енгізген кезінен бастап бір жылдың ішінде бірде-бір жіберуді жасамаған жаңа Тапсырыскер Жоба дерекқорынан жойылады. Осы Тапсырыскер бойынша Бонустық ұпайларды есептеп жазуы орындалмайды.

3.1.7. Қатысушы сыйақыны Бонустық ұпайлардың түрінде алады. Қатысушының сыйақыны Бонустық ұпайларға аудару 20:1 бағамы бойынша орындалады (Тапсырыскерге көрсетілген Ұйымдастырушының қызметтерінің бағасынан 20 рубль = 1 ұпай).

Егер бір Тапсырыскердің жіберулердің сомасы 500 мың рубльден астам болса, 500 мың рубльден астам сыйақы сомасы Жоба бойынша Бонустық ұпайларға 100:1 бағамы бойынша аударылады (Тапсырыскерге көрсетілген Ұйымдастырушының қызметтерінің бағасынан 100 рубль = 1 ұпай). Бір Қатысушының Бонустық ұпайлардың жалпы сомасы айына 50 000 астам бола алмайды.

3.1.8. http://recommendation.cdek.ru сайтындағы Қатысушының Жеке кабинетінде Қатысушыға арналға келесі мәліметтер орналастырылған: Қатысушының Бонустық ұпайлардың саны, Есептеп жазулардың және жинаған Бонустық ұпайларды Шығынға жазулардың тарихтары; жинаған Бонустық ұпайлардың жалпы саны.

3.1.9. Жобада қатысу мерзімі мен Жаңа қатыстырған Тапсырыскерлердің көлеміне байланысты Ұйымдастырушының  өз атынан және өз есебінен Бонустық ұпайлармен қосымша марапаттау құқығы бар:

Жаңа қатыстырған Тапсырыскерлердің көлемі үшін 500 Бонустық ұпай, егер жыл ішінде жаңа белсенді Тапсырыскерлердің саны бестен асса. Бонустық ұпайлар Қатысушының бонустық шотына 25.02.2013 кейін есептеп жазылады да белсендіріледі.

Қатысу мерзімі үшін 500, 1000, 2000 Бонустық ұпай. Бір жылдың ішінде қатысу үшін – 500 Бонустық ұпай; 2 жылдың ішінде қатысу үшін – 1000 Бонустық ұпай; 3 және одан көп жылдың ішінде қатысу үшін – 2000 Бонустық ұпай.

3.1.10. Әр Қатысушы жыл сайын екіден кем емес Белсенді Тапсырыскерлерді тіркеуге тиіс, ондай болмаған жағдайда бұрында тіркелінген Тапсырыскерлердің белсенділігіне қарамастан Бонустық ұпайларды Қатысушының Бонустық шотына есептеп жазуы тоқталады.

3.1.11. Ұйымдастырушының  өз атынан және өз есебінен қосымша ынталандырушы іс-шараларды жүргізу құқығы бар.

3.2. Бонустық ұпайларды Шығынға жазу

3.2.1. Бонустық ұпайлардың жеткілікті санын жинаған Қатысушының Жинаған Бонустық ұпайлардың есебіне Ұйымдастырушыдан тиісті марапатты алу үшін пайдалану құқығы бар, осы Ережелерге сәйкес Бонустық ұпайларды шығынға жазумен бір мезгілде.

3.2.2. Бонустық ұпайлар Қатысушының қарауынша – бөліп-бөліп те, толығымен де шығынға жазыла алады.

3.2.3. Қатысушы Жеке кабинетте Бонустық ұпайларды шығынға жазу мен материалдық құндылықтар және (немесе) Ұйымдастырушының қызметтер түріндегі марапатты Жинаған Бонустық ұпайлардың есебіне алу үшін өкімді жасай алады. Қатысушы олар бойынша Жеке кабинетте өкімді жасамаған Бонустық ұпайлар Қатысушының Бонустық шотында оларды осы Ережелерге сәйкес шығынға жазу кезіне дейін жиналады.

3.2.4. Ұйымдастырушы Жоба Қатысушылардың өкімдерді әр айының 15-ші жұлдызына дейін өңдейді.

3.2.5. Материалдық құндылықтар Жоба Қатысушыға Жеке кабинеттегі Бонустық ұпайларды шығынға жазу үшін өкімінен кейінгі әр айының 15 жұлдызынан кейін Қатысушының тұру (тіркеу) қаласындағы Ұйымдастырушының офисінде беріледі.

3.2.6. Материалдық құндылықтар және (немесе) Ұйымдастырушының қызметтерді алу кезінен бастап Қатысушы әрекеттегі міндетті төлемдердің барлық салықтар мен алымдарды, соның ішінде Ресей Федерациясының салықтар мен алымдар жөніндегі заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың табыс салықты 35% көлемінде, өздігінен төлейді; Ресей Федерациясының әрекеттегі заңнамасымен белгіленген барлық салықтар мен әрекеттегі міндетті төлемдерді төлеу міндеттеменің мерзімді және тиісті орындалуы үшін жауапкершілікті көтереді.

3.2.7. Бонустық ұпайларды шығынға жазу мен материалдық құндылықтар және (немесе) Ұйымдастырушының қызметтер түріндегі марапатты Жинаған Бонустық ұпайлардың есебіне алу үшін Қатысушыға http://recommendation.cdek.ruсайтындағы Жеке кабинетте өкімді жасау керек. Өкім - Бонустық ұпайларды есептеп жазу мен шығынға жазу шарттарға Қатысушының келісімі және Қатысушы оларды шығынға жазу үшін өкімді беретін Бонустық ұпайларды дұрыс есептеп жазудың Қатысушының растамасы болып табылады. ­Өкімнің кері күші жоқ.

3.2.8. Қатысушымен талап етілмеген материалдық құндылықтар 2013 жылының 25-ші ақпаннан кейін сақталмайды, берілмейді және Ұйымдастырушының қарауынша пайдаланылады, ал пайдаланылмаған Жинаған Бонустық ұпайлар нөлденеді (жойылады).

3.2.9. Қатысушы осы Ережелерді бұзған жағдайда, сонымен бірге Ресей Федерациясының әрекеттегі заңнамасымен белгіленген басқа жағдайларда, Ұйымдастырушының Бонустық ұпайларды жинауды тоқтату және материалдық құндылықтарды беруден және (немесе) Ұйымдастырушының қызметтерді көрсетуден бас тарту құқығы бар.

3.3. Бонустық ұпайлар мен материалдық құндылықтарды қайтару

3.3.1. Материалдық құндылықтар және (немесе) Ұйымдастырушының қызметтері ауыстыруға (соның ішінде материалдық құндылықтардың құнының ақша баламасына) жатпайды.

3.3.2. Материалдық құндылықтар түріндегі барлық марапаттар өндірушілердің сертификаттау мен сатып алу кезінде көпшілік мақұлдаған тәртібінде тексерістен өтеді. Материалдық құндылықтар түріндегі марапатты алу кезінен бастап Жоба Қатысушы оларды бүлдіруге немесе жоғалтуға, ұрлауға, мезгілсіз тозуына немесе сынуына, кепілдікті жөндеуге байланысқан барлық тәуекелерді өз мойнына алады.

3.3.3. Материалдық құндылықтар түріндегі марапатты Ұйымдастырушының офисінде алу кезінде Қатысушы ораманы ашуға, ішіндегісінің бүтіндігін тексеруге міндетті. Егер материалдық құндылықтар жіберу кезінде зақымдалса, Қатысушы Ұйымдастырушыға тиісті наразылықпен бару тиіс, сол наразылықты қабылдау нәтижелері бойынша Қатысушы мен Ұйымдастырушы наразылық актіні жасайды, айырбастау Қатысушының наразылықты Ұйымдастырушы алған кезінен бастап 15 жұмыс күннің ішінде орындалады.

3.3.4. Материалдық құндылықтар түріндегі марапатты жеткізу шығындарды төлеуі мен жеткізуді ұйымдастыруы Ұйымдастырушыға жүктеледі. Жеткізудің ең ұзақ мерзімі – Қатысушының Жеке кабинеттегі Жинаған Бонустық ұпайларды шығынға жазу үшін өкімді Ұйымдастырушы өңдеген кезінен бастап бір ай.

 

4. Басқа шарттары

4.1. Ұйымдастырушы Жинаған Бонустық ұпайлардың орнына марапат ретінде алуға болатын материалдық құндылықтардың тізімдеме мен Ұйымдастырушының қызметтердің түрлерін (тізімін) http://recommendation.cdek.ru сайтында орналастыруға міндеттенеді. Тізімдеменің мазмұны тиянақталған болып табылмай, Ұйымдастырушының қарауынша кез келген уақытта өзгертіле алады.

4.2. Ұйымдастырушының жарнама-ақпараттық хабарламаларды өздігінен немесе үшінші тұлғаларды қатыстырып Қатысушы http://recommendation.cdek.ru сайтында тіркелу кезінде белгілеген ұялы телефон нөміріне және (немесе) электрондық поштаға жіберу құқығы бар. Қатысушы тіркелу кезінде оған тәуелді болмаған ұялы телефон нөмірі мен электрондық поштаны белгілендіктен бастала алатын жағымсыз салдарлардың басталу тәуекелді көтереді.

 

4.3. Ұйымдастырушының Жоба шарттарын, Жобаны өткізу мерзімдерін, шарттар мен тәртібін, марапаттардың саны мен құрамын бір жақты тәртібінде, Қатысушыны алдын ала ескертпей, өзгерту құқығы бар. Осы Ережелерге енгізілетін өзгерістер мен қосымшалардың барлығы http://recommendation.cdek.ru сайтында жариялану кезінен бастап күшіне кіреді.

4.4. Ұйымдастырушының Жобаны кез келген уақытта бір жақты тәртібінде, Қатысушыларды Жобаны жабуына (әрекетін тоқтатуына) бір күнтізбелік ай бұрын ескертіп, жабу (Жобаның әрекетін тоқтату) құқығы бар. Осы айдың ішінде Қатысушылар Жинаған Бонустық ұпайларды материалдық құндылықтар және (немесе) Ұйымдастырушының қызметтер түріндегі марапатты алу үшін пайдалануға міндетті. Белгіленген мерзімі өткенде барлық Бонустық ұпайлар нөлденеді (жойылады).

4.5. Егер Ұйымдастырушы оны http://recommendation.cdek.ru сайтында орнатса немесе Қатысушы тіркелу кезінде белгілеген электрондық поштаға жіберсе, Жобаның әрекеті  тоқталғаны туралы хабарлама Ұйымдастырушының атынан жіберілген болып саналады.

4.6. Осы Ережелерде ескерілген жағдайларды қоспағанда, Ұйымдастырушының Қатысушылармен келіссөздерді немесе басқа байланыстарды бастамау құқығы бар.

4.7. Қатысушы айлакерлікте күдікті болуымен байланысты  себептерін түсіндірмей, қатысудың кез келген кезеңінде Ұйымдастырушының Қатысушыны Жобада қатысу үшін қабылдамау құқығы бар.

 

Сыйақыны санау мысалдары.

МЫСАЛ 1

Қатысушы Иванов:

Тапсырыскер № 1 - 2012 жылдың тамыз айындағы жіберулердің сомасы 50 000 рубль

Тапсырыскер № 2 - 2012 жылдың тамыз айындағы жіберулердің сомасы 20 000 рубль

Бонустық ұпайларды есептеп жазуы 1.09.2012 күні келесі алгоритм бойынша орындалады:

Тапсырыскер № 1 - 50 000 рубль/ 20 =2500 Бонустық ұпай

Тапсырыскер № 2 - 20 000 рубль/ 20 =1000 Бонустық ұпай

Жиыны 1.09.2012күні Қатысушы Ивановқа 2500+ 1000 = 3500 Бонустық ұпай есептеп жазылады.

Қатысушының сыйақыны Бонустық ұпайларға аудару 20:1 бағамы бойынша орындалады (Тапсырыскерге көрсетілген Ұйымдастырушының қызметтерінің бағасынан 20 рубль = 1 ұпай) (3.1.7т.)

Сайт использует файлы cookie, которые позволяют узнавать вас и получать информацию о вашем пользовательском опыте.
Разрешение на использование cookie необходимо для использования Сайта и его сервисов, включая заказ услуг. Посещая страницы сайта, мы уверены, что вы даете согласие на использование и хранение файлов cookie на вашем устройстве. Если согласны, продолжайте пользоваться сайтом. Если нет – установите специальные настройки в браузере или обратитесь в техподдержку.