8-800-070-14-05

Дауыссыз байланыс орталығы

Жөнелтпе құжатты ресімдеу

Құжаттар немесе жүкті жіберуді рәсімдеген кезде, жіберу туралы барлық мәліметтер енгізілетін стандарттық жөнелтпе құжатты толтыру керек.

Жөнелтпе құжат жіберулердің барлық түрлер үшін рәсімделіп, ол кедендік мағлұмдауға жатпайтын құжаттар мен жүктерді жіберген кезде бірден-бір толтырылатын құжат болып табылады.

Ресей мен Қазақстан бойынша жіберген кезде жөнелтпе құжат орыс әріптермен, ТМД елдер мен шетелге жіберген кезде – латын әріптермен толтырылады.

Жөнелтпе құжат төрт қабатты құжат болып табылады:

  1. дана - жіберушінің қаласында орналасқан СДЭК компанияның қоймасына жеткізіледі
  2. дана - жіберушінің қолында қалады
  3. дана - жіберуге тіркелінген құжат болып, алушыға жеткізілген кезде беріледі
  4. дана - жіберуге тіркелінген құжат болып, қолға берген соң алушының «жіберуді қабылдау туралы»таңбасымен жіберушінің қаласында орналасқан СДЭК компанияның қоймасына жеткізіледі.

Жөнелтпе құжатта«Жөнелтпе құжат нөмірі»(суретті қара)бірегей нөмірі бар штрих-код белгісі бейнеленген. Сол нөмірі бойынша сайтымыздың Бақылау тарауында жіберудің орналасқан жері мен жағдайы туралы мәлімет алудың мүмкіндігі бар.

басына қарай

1. БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕР

Жіберуші өз қолымен толтыруға тиіс.

Қайдантоптамасында көрсетелетін мәліметтер: ел, Жіберушінің кәсіпорынның толық атауы (егер Жіберуші заңдық тұлға болса), Жіберушінің толық аты-жөні, байланысқа арналған телефон нөмірі (МІНДЕТТІ ТҮРДЕ), қала, аймақ, Жіберушінің кәсіпорынныңнақты мекен-жайы (көше, үйдің нөмірі, офис нөмірі).

Қайдатоптамасында көрсетелетін мәліметтер: ел, Алушының кәсіпорынның толық атауы (егер Алушы заңдық тұлға болса), Алушының толық аты-жөні, байланысқа арналған телефон нөмірі (МІНДЕТТІ ТҮРДЕ), қала, аймақ (облыс, өлке, автономиялы округ, республиканы көрсету тиіс), Алушының кәсіпорынныңнақты мекен-жайы (көше, үйдің нөмірі, офис нөмірі).

Егер Сіз жеткізу туралы смс-хабарламаны алуға қаласаңыз, телефон нөміріңізді көрсетіп, тиісті бағанында қанат белгісін қойыңыз.

Экспресс-жіберулерді абоненттік жәшіктерге және «талап етілмелі» дербестендіруге рұқсат етілмейді.

Қайданжәне Қайда топтамалардың аяғында Жіберуші толық аты-жөнін (аңық етіп), толтыру күні мен уақытын көрсетіп, қолын қою керек.

басына қарай

2. ЖҮК ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Курьер немесе Оператор толтырады.

Қорап, Пакет, Қап, Хатқалтаторларына «қанат белгісін» қою арқылы орауыштың түрі көрсетіледі .

Барлық орындарбағанында Жіберушіден қабылданған орындарының санын көрсету керек.

Орауыштың нөмірібағанында орауыштың немесе орауыштағы пломбаның жеке нөмірі жазылады. Бірнеше орындарды жіберген кезде, нөмірлер үтір арқылы жазылады.

Нақты салмақнемесе Көлемдік салмақ бағандарын толтыру үшін Курьерге нақты салмағы мен көлемдік салмақты анықтау керек. Тиісті бағанда жазылатын ең үлкен салмақ - бағаны анықтау негізі болып саналады.

Салмақ ең жоғары дәлдігімен көрсетіледі, бірақта төлемді есептеген кезде салмақ жоғары жаққа қарай дөңгелектенеді, 0,5 кг асқанда -өлшеу бірлігі - 1 кг. 0,5 кг дейін жіберулер бөлек тарифтендіріледі. Көлемдік салмақты көрсеткен кезде, оның габариттері  де толтырылады: Ұзындығы, Ені, Биіктігі.

Бағасы қандай салмағы бойынша есептелетінді  нақты немесе көлемдік салмағының қарсысындағы арнайы торларында «қанат белгісін» қою арқылы көрсетіледі .

Ауыр салмақты Жіберулердің  (75 кг асатын орындары бар Жіберу) бағасын есептегенде, Ауыр жүк бағанында Жіберуде осындай орындардың саны мен салмағын көрсету керек.

Салымның сипаттамасыбағанды Жіберуші толтырады.

Салымның сипаттамасыбағанында көрсетілетін мәліметтер:

  • егер жүк сақтандырылған болса: сақтандырылатын жүктің толық атауы (маркасы, үлгісі, сандық кодтары мен саны) көрсетіледі;
  • егер жүк сақтандырылмаған болса: Жіберудің қысқаша сипаттамасы, мысалы: құрал-сайман, баспа өнім және басқа (марка, үлгі, сериялық нөмірін және Жіберудегі салымдарның санын жазуға рұқсат етілмейді);
  • егер жүк қауіпті болса: жүктің толық атауы (марка, үлгі, сандық кодтары мен санның сипаттамасыз) көрсетіледі, мысалы: стоматологиялық материалдар емес – протездер, құрал-сайман емес – қосалқы бөлшектер.

басына қарай

3. ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Жеткізу қызметінің тарифтерге сәйкес Курьер немесе Оператор толтырады.

Тариф түрібағанында жіберуге қолданылатын тарифтің түрін көрсету керек.

Төлеу нысаныбағанында төлеуші мен төлем түрі «қанат белгісін» қою арқылы көрсетіледі. Төлеуші мен төлеу нысаны міндетті түрде көрсетіледі.

  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеген кезде «№келісім-шарт бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу»торында «қанат белгісі» қойылып, арнайы торында шарт нөмірі мен төлем төлеуге арналған префикс көрсетіледі.  Бірінші 3 тор келісім-шарт нөмірінің префиксі, яғни әріптік белгісі (мысалы: БРН, МСК, НСК, ЧЕЛ...) үшін арналған. Шарттың сандық тарауы пошта индексі сияқты көрсетіледі;
  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы төлеген кезде «жіберуші қолма-қол ақшамен» торында «қанат белгісі» қойылады;
  • алушы төлеген кезде «алушы қолма-қол ақшамен» торында «қанат белгісі» қойылады, егер Алушыда келісім-шарт болмаса, «+20% бағасына» торында «қанат белгісі» қойылып, төлем сомасын есептеген кезде есептеленеді.

Жарияланған құн, Жарияланған құн үшін қосымша алым, Қызметтер құны, Қосымша қызметтер құны, Барлық төленетін сомасы, Төленген сомалары цифрлармен толтырылады.

Егер жүк сипаты: билеттер, құжаттар, виза рәсімдеу үшін құжаттар, паспорттар, баспа өнімдер, пластикалық карталар, жолдамалар, тендерлік құжаттар, гүлдер болмаса, Жарияланған құнбағаны міндетті түрде толтырылады.

Егер жүк сақтандырылса, Жарияланған құн үшін қосымша алым бағаны толтырылады.

Егер қызметтер құны стандарттық тарифтер бойынша есептелінген болмаса немесе қосымша қызмет керек болса, Қосымша қызметтер торында құнды көбейетін қызмет түрін «қанат белгісімен» белгілеп қою керек.

Сомалары көрсетілген бағындарға түзетулерді енгізуге үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.

Жөнелтпе құжаттың барлық бағандарды толтырылған соң, тапсырысты қабылдайтын курьер «Тапсырысты қабылдаған курьердің толық аты-жөні» торында өз тегін көрсетіп, қолын қою керек.

басына қарай

4. ЖЕТКІЗУДІ РАСТАУ

Алушы өз қолыментолтыруға тиіс.

Көрсетілетін мәліметтер: толық аты-жөні (анық етіп), Алушы өз қолын қояды да Жіберуді алған күні мен уақыты көрсетіледі.

Егер Жіберу заңды тұлғаға жеткізілетін болса, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ Алушы-кәсіпорынның мөрі немесе мөртабаны қойылады.

басына қарай

5. ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ

Жөнелтпе құжатта компания логотиптің оң жағында «Келесі күні  ____.____ сағатқа дейін жеткізу» торы орналасқан. Егер Тапсырыскерге «Жедел жеткізу» қызметі көрсетілсе, осы тор міндетті түрде толтырылады.

Егер жөнелтпе құжат гүлдер немесе сыйлықтарды жіберу үшін толтырылса, Гүлдер және Сыйлықты сатып алу торларында тиісті белгі қойылады.

басына қарай

 

Узнать подробнее
Сайт использует файлы cookie, которые позволяют узнавать вас и получать информацию о вашем пользовательском опыте.
Разрешение на использование cookie необходимо для использования Сайта и его сервисов, включая заказ услуг. Посещая страницы сайта, мы уверены, что вы даете согласие на использование и хранение файлов cookie на вашем устройстве. Если согласны, продолжайте пользоваться сайтом. Если нет – установите специальные настройки в браузере или обратитесь в техподдержку.